«АЛТЫНАЛМАС АК» АҚ 200-ден астам баланы балаларды қорғау күнімен құттықтады
«АЛТЫНАЛМАС АК» АҚ 200-ден астам баланы балаларды қорғау күнімен құттықтады
«АЛТЫНАЛМАС АК» АҚ 200-ден астам баланы балаларды қорғау күнімен құттықтады

Компания Халықаралық балаларды қорғау күні аясында қызмет ету аймақтарындағы балақайларды және қызметкерлердің балаларына сыйлықтар табыстады.

Оның қатарында Степногорск қаласындағы «Бала әлемі» сөйлеуді дамыту және түзету орталығына баратын 25 «ерекше» балаға «Бала – өмір гүлі» мерекелік іс-шарасы аясында сыйлықтар табысталды.

Ақсу кентінің вокалдық байқауға қатысқан 40 баласы компаниядан спорттық және шығармашылық сыйлықтар иеленді.

Оның үстіне, Жамбыл облысы Тараз қаласының 15 баласы, Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының 99 баласына мерекеге орай естелік сыйлықтары жолданды.

Сонымен қатар компания қызметкерлерінің балалары арасында «Жұмыстағы ата-анамның қауіпсіздігі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жасына қарай екі санат жеңімпаздары анықталды. Байқаудың барлық 29 қатысушысына компания атынан естелік сыйлықтары жолданды.

«Алтыналмас» үшін жергілікті тұрғындарды қолдау және қызмет ету аймақтарын дамыту ерекше маңызға ие. Компания әлеуметтік жауапты бизнес ұстанымы арқылы инфрақұрылымды дамытуға және өзі жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландырып, іске асырады. Тұрақты негізде қайырымдылық көмек көрсетіледі

Другие новости

Здравствуйте! Меня зовут Алмас. Как я могу помочь?